Қарағандыда төрт жасар қыз алтыншы қабаттың терезесінен құлап, көз жұмды
Қарағандыда қайғылы жағдай болды. Оқиға «Көгілдір тоғандар» шағынауданында болған, деп хабарлайды Arbat.Media.
2022 жылы туған қыз қонақта болған. Бір сәтте ол ересектердің қарауынсыз қалып, алтыншы қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кеткен.
Бала бірнеше ауыр жарақатпен аса ауыр жағдайда облыстық балалар клиникалық ауруханасына жеткізілді. Алайда дәрігерлердің барлық әрекетіне қарамастан, қыздың өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.
Жыл басынан бері Қарағанды облысында баланың терезеден құлауына қатысты 33 жағдай тіркелген
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: