Бокстан Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында 11 алтын медаль алды
Бокстан Астанада өткен жастар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы 11 алтын медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды, - деп хабарлайды Arbat.media.
11 алтынның бесеуін жігіттеріміз жеңіп алса, алтауын бұрымды боксшыларымыз қанжығалады, - деп жазады Kazinform агенттігі.
Алтын жүлдегерлер:
Ұлдар:
60 кг. Алексей Хаванцев
67 кг. Төрехан Сабырхан
71 кг. Өнер Сейілхан
75 кг. Санжарәлі Бегалиев
80 кг. Мадияр Бексұлтанов
Қыздар:
54 кг. Аяжан Сыдық
57 кг. Аяжан Ермек
60 кг. Толғанай Қасымхан
66 кг. Ұлдана Таубай
75 кг. Шұғыла Нәлібай
81 кг. Аружан Зейноллаева
Командалық есепте үздік үшікке енген елдер:
Қазақстан – 11 алтын, 4 күміс, 9 қола;
Өзбекстан – 7 алтын, 3 күміс, 12 қола
Үндістан – 5 алтын, 9 күміс, 8 қола
Айта кетейік, сары құрлық додасында жеңімпаз атанған боксшылар 700 АҚШ долларымен, күміс жүлдегер атанғандар 400, үздік үшінші орынға қол жеткізген боксшыларға 200 доллар көлемінде қажылай сыйақы берілді.