Дастан Сәтпаев Қазақстан құрамасының сапында рекорд орнатты
Дастан Сәтпаев Қазақстан құрамасының сапында рекорд орнатты, деп хабарлайды Arbat.Media.
17 жастағы шабуылшы Қазақстан құрамасы тарихында гол соққан ең жас футболшы атанды.
Дастан Сәтпаев Бельгияға қарсы ойында матчтің 9-минутында ұлттық құраманың алғашқы голын соқты.
Бұған дейінгі рекорд Еркебұлан Сейдахметке тиесілі. Ол 2018 жылы Венгрия қақпасына гол соққан. Сол кезде оның жасы 18-де болған.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: