Екі Қазақстан азаматы Париж Олимпиадасында төрелік етеді
Париж Олимпиадасындағы күрес түрлерінен өтететін жарыстарға еліміздің екі азаматы қазылық етеді. Төрешілер тізімін Біріккен күрес әлемі (UWW) жария етті. Олимпиада ойындарында төрелік ететін 50 қазының қатарында Қазақстанның екі өкілі бар. Олар - Ерік Жұмабеков пен Игорь Лигай, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Egemen.kz жазады.
Игорь Лигай Токио Олимпиадасында да қызмет еткен еді.
Айта кетейік, Қазақстан командасында күрес түрлерінен Париж Олимпиадасының 7 жолдамасы бар.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: