Париж Олимпиадасы

Париж Олимпиадасы - Қазақстандағы жалғыз еуразиялық порталдағы соңғы жаңалықтар тізімі. туралы жаңа ақпаратты оқыңыз 【Париж Олимпиадасы】 жаңалықтар Arbat media
17 тамыз 2024 / Новости Казахстана

Атыраулықтар Париж Олимпиадасынан оралған Әбиба мен Эсмигүлге көлік сыйлады

Атыраулықтар Париж Олимпиадасынан оралған дзюдошы аруларға көлік сыйлады. Атырауға Париж Олимпиадасына бақ сынаған дзюдошылар Әбиба Әбужақынова мен Эсмигүл Куюлова оралды. Әлемдік додада Әбиба Әбужақынова бесінші орын алған еді. Ал, Эсмигүл Куюлова алғашқы белдесуінде қарсыласынан жеңіліп қалды. Кейін командалық сайыста да қарсыласына есе жіберді. 

13 тамыз 2024 / Новости Казахстана

ҚР Спорт министрлігінің қазақстандық спортшылардың Олимпиададағы еңбегін жоғары бағалады

ҚР Спорт министрлігі қазақстандық спортшылардың Олимпиададағы еңбегін жоғары бағалады. Министр Токио Олимпиадасынан бері сабақ алғанын атап өтті. Парижде екі аптадан астам уақытқа созылған ХХХІІІ Жазғы Олимпиада ойындары аяқталды. Төртжылдықтың басты спорттық жарысында Қазақстан құрамасы бір алтын, үш күміс және үш қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте 43-орынға ие болды, деп жазады ҚР Спорт министрлігінің баспасөз қызметі. 

13 тамыз 2024 / Sport

Олимпиадада үздік алтылықтан көрінген спортшыларға қанша сыйақы беріледі

Парижде өткен Олимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына 7 медаль түсті. Әр жүлде үшін спортшыларға берілген сыйақы мөлшері жарияланды. Заң бойынша алтын медаль алған ел спортшыларына 250 мың доллар, күміс үшін 150 мың, қола жүлде иегерлеріне 75 мың доллар сыйақы төленеді. Сонымен қатар 4, 5 және 6-орындар үшін де 30, 10 және 5 мың доллар беріледі.

12 тамыз 2024 / Sport

Қырғыз Республикасы Парижде тарихи жүлдесіне қол жеткізді

Олимпиада ойындарында Қырғызстан құрамасы 2 күміс, 4 қола медаль иеленді. Бұл елден әйелдер күресінен Мейірім Жұманазарова мен боксшы Мұнарбек Сейітбекұлы күміс медаль еншілесе, грек-рим күресінен Жоламан Шаршенбеков, Ақжол Махмудов, Узур Жузупбеков, әйелдер күресінен Айсұлу Тыныбекова қола жүлдеге қол жеткізді. Өкінішке қарай, қырғыздар Олимпиада ойындарынан әзірге алтын медаль ала алмай келеді. Десе де, Парижде боксшы Мұнарбек Сейітбекұлы қырғыз тарихына бокстан алғашқы күміс жүлдені сыйлады. Ол алтынға бір қадам қалғанда Өзбекстанның қазіргі Азия және әлем чемпионы Абдумалик Холоковқа қарсы жекпе-жекте ұтылды. 

12 тамыз 2024 / Sport

Қазақстан Олимпиада ойындарын жалпы есепте 43-орынмен аяқтады

Олимпиада ойындары мәресіне жетті. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы жалпы есепте 43-орннан көрінді. Қазақстан құрамасы 1 алтын, 3 күміс, 3 қола медальға қол жеткізді. Олимпиданы Қазақстан құрамасы жеті медальмен аяқтады. Алтын жүлдені Олимпиаданың алғашқы күні ел қоржынына дзюдодан 60 келі салмақта Елдос Сметов сыйлаған болатын.

8 тамыз 2024 / Sport

Бір күнде — екі күміс: Нұрбек Оралбай Қазақстан қоржынына тағы бір жүлде салды

Олимпиада ойындарында Нұрбек Оралбай финалда украиналық қарсыласын ұтылып, күміс медальді қанағат тұтты. Париж Олимпиадасында 80 келі салмақта ел намысын қорғаған отандасымыз финалда украиналық Александр Хижнякпен алтынға таласты. Аса тартысты өткен жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілер шешімімен Хижняк жеңімпаз деп танылды. Осылайша украиналық боксшы Париж Олимпиадасының чемпионы атанса, қазақ боксшысы Нұрбек Оралбай күміс жүлдегер атанды. 

8 тамыз 2024 / Sport

Демеу Жадыраев — Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері

Грек-рим күресінен Париж Олимпиадасының финалында белдескен Демеу Жадыраев жапониялық Нао Кусакадан жеңілді. Отандасымыз 77 келі салмақта қарсыласына 5:2 есебімен есе жіберіп, күміс жүлдені қанағат тұтты.  Ал Нао Кусака Париж Олимпиадасының чемпионы атанды. 

6 тамыз 2024 / Sport

Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасының жартылай финалына шықты

Олимпиада ойындарының ширек финалында белдескен Демеу Жадыраев қарсыласынан айласын асырып, жартылай финалға шықты. Отандасымыз ширек финалда екі дүркін әлем чемпионы, Токио ойындарының күміс жүлдегері қырғызстандық Ақжол Махмудовпен белдесіп, 3:1 есебімен басым түсті. Демеу Жадыраев Олимпиада ойындарының жартылай финалына шықты. 

4 тамыз 2024 / Sport

Нариман Құрбанов - Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері

Нариман Құрбанов Париж Олимпиадасында спорттық гимнастиканың ат снарядындағы жаттығуда күміс жүлдеге қол жеткізді. Отандасымыз ақтық сында 15.443 ұпай алды. Осылайша, Нариман елімізге спорттық гимнастикадан Олимпиаданың алғашқы медалін сыйлады.