Спорт3 шілде 2024, 12:48

Еуро-2024: Түркия Австрияны жеңіп, ширек финалға шықты

Түркия Австрияны 2:1 есебімен жеңіп, Еуро-2024 турнирінің ширек финалына шықты. 1/8 финалдық ойын Лейпцигтегі стадионда өтті. Түріктердің екі голын да қорғаушы Мерих Демирал соқты. Шабуылшы Михаэль Грегорич Австрия құрамасы сапында бір гол соқты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Ширек финалда түріктер бүгін Мюнхенде Румынияны жеңген Голландиямен кездеседі.

Бұған дейін Германия, Англия, Испания, Франция, Португалия және Швейцария құрамалары да ширек финалға жолдама алған болатын.

Австрия 1:2 Түркия

Австрия 1:2 Түркия ЕУРО-2024 ширек финал түркия

Тақырыпқа жаңалықтар