Спорт16 сәуір 2024, 14:32

Грек-рим күресі: Юсуф Мациев Азия чемпионатының финалына шықты

Қазақстандық балуан Юсуф Мациев Бішкек қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия чемпионатының финалына шықты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Грек-рим күресінен 97 келі салмақта ел намысын қорғап жүрген отандасымыз жартылай финалда қытайлық балуанды айқын басымдықпен ұтып, сарықұрлық додасының финалына шықты.

Мациев қытайлық Хаужи Хауды 8:0 есебімен жеңді.

Енді отандасымыз финалда Олимпиада ойындарының қола жүлдегері және Әлем Чемпионы ирандық Мохамедхади Саравимен алтын жүлдені сарапқа салады.

Финалдық бәсекелер Астана уақытымен 17:00 де басталады.

 

Юсуф Мациев Грек-рим күресі бішкек Финал

Тақырыпқа жаңалықтар