«Номад» Құрлықтық кубок ойындарының жеңімпазы атанды
Қазақстандық «Номад» командасы шайбалы хоккейден Құрлықтық кубок ойындарының жеңімпазы атанды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Kazinform агенттігі жариялады.
Елордалық команда бүгін Польшаның «Катовице» командасымен кездесті.
Қазақстандық команданың бас бапкері Фёдор Полищук «Номадтың» құрамын жариялады.
Қақпашылар: Әмірбеков (Бояркин); Ойыншылар: Бойко-Борисевич-Рахманов, Гайтамиров-Бутенко; Мусоров-Шульга-Гатиятов, Диханбек-Королёв; Александров-Гусейнов-Цыбин, Никитин-Царёв; Қайыржан-Маңғысбаев-Қасенов, Кеңесбай.
Кездесу барысында командалар тартысты ойын өткізді. Бірінші кезеңде есеп ашылған жоқ.
Екінші кезеңде «Катовице» ойыншысы Райан Кук 35-минутта есеп ашып кетті. Одан кейін «Номад» сапынан Максим Мусоров 37-минутта таразы басын теңестірді.
Үшінші кезеңде Олег Бойко 41, Алан Гатиягов 53-минутта елордалық клубтың басымдығын арттыра түсті.
Осылайша «Номад» қарсыласын 3:1 есебімен тізе бүктіріп, Құрлықтық кубок ойындарының жеңімпазы атанды.