Спорт9 қаңтар 2026, 20:49

Ольга Рыпакова жеңіл атлетика федерациясының президенті қызметінен кетті

Федерацияның жаңа президенті болып «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов тағайындалды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова федерация басшысы қызметін аяқтады.

Лондон Олимпиадасының чемпионы Ольга Рыпакова Федерацияның құрметті президенті болып сайланды. Бұл шешім халықаралық ұйымдармен байланыс орнату және жеңіл атлетиканың халықаралық федерациясындағы мүшелігі аясында шетелдік мамандармен тығыз ынтымақтастықты жалғастыру мақсатында қабылданған.

Айта кетейік, жеңіл атлетика Қазақстандағы танымал спорт түрлерінің бірі саналады. Қазіргі таңда елімізде бұл спорт түрімен 360 мыңнан астам адам жүйелі түрде айналысады.

Ольга Рыпакова Жеңіл атлетика Федерация Президент

Тақырыпқа жаңалықтар