Шығыс Қазақстанда Ертістен балық ауламақ болған үш адам қазаға ұшырады

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданында үш адам Ертіс өзеніне батып опат болған, деп хабарлайды Arbat.Media.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға Зевакино ауылы маңында болған. Ертістен балық аулауға шыққан 1984, 1967 және 1960 жылы туған үш ер адам өзеннің жұқа мұзы ойылып кетіп, суға батып кеткен.

Олардың үстінде суға батудан сақтайтын кеудеше болмаған. Марқұмдарды төтенше жағдайлар қызметінің сүңгуірлері судан алып шыққан.

Төтенше жағдай қызметі өзен мұзының қалыңдығы барлық жерде бірдей емес екенін, әсіресе ағысы бар өзен бетінде мұз жұқа болатынын, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажеттігін жұртқа ескертіп отыр.

төтенше жағдайлар баспасөз қызметі Ертіс Балық аулау

Тақырыпқа жаңалықтар