Спорт19 қаңтар 2024, 10:00

Өзбекстанға Олимпиада жүлдесін сыйлайтын боксшылар

Толқын Қылышев Өзбекстанға Олимпиада жүлдесін сыйлайтын боксшыларды атады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Egemen.kz жазады.

Осы жылы 26 шілде - 11 тамыз аралығында Франция астанасы Парижде жазғы Олимпиада ойындары өтеді. 

Бұл сайыста бокс сайыпқырандары 7 салмақ дәрежесінде сынға түседі. Әзірге бокстан Қазақстан құрамасында ерлер арасында Қамшыбек Қоңқабаевта ғана Париж Олимпиадасына жолдама бар. 

Ал бокстан Өзбекстан құрамасының бас бапкері Толқын Қылышев биылғы Олимпиада да жүлдесіз оралмайтын спортшыларын атады. 

«Қазіргі мақсатымыз – Олимпиада лицензиясын толық иемдену. Содан кейін ғана медальдың жайын ойластыруға болады. Әлбетте, барлығының жолына үмітпен қараймыз. Дусматовтың Олимпиадада топ жаратындай қабілеті бар. Жалолов та білгенінен жаңыла қоймас. Абдуллаев та жерге қаратпайды деп сенеміз. 80 килода өнер көрсететін Хабибуллаев та жаһандық жарыста жарқ ете қалса дейміз. Париж олимпиадасына дейін екі лицензиялық жарыстан бөлек Болгариядағы «Странджа» кубогіне қатысамыз», деді Толқын Қылышев.

 

Өзбекстан Олимпиада жүлдесі Боксшылар

Тақырыпқа жаңалықтар