Спорт4 тамыз 2024, 16:43

Париж-2024: Нұрбек Оралбай финалға жолдама алды

Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында Нұрбек Оралбай жартылай финалда қарсыласын жеңіп, финалға шықты, - деп хабарлайды Arbat.media.

80 келі салмақта ел намысын қорғап жатқан отандасымыз жартылай финалда Доминикан Республикасының былғары қолғап шебері Кристиан Хавьер Пиналеспен жұдырықтасып, қарсыласынан басым түсті, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Осылайша Нұрбек Оралбай финалдық кезеңге өтті. Ол – әзірге финалға шыққан жалғыз қазақстандық боксшы.

Естеріңізге сала кетейік, Нұрбек ширек финалда әзербайжандық боксшы Мурад Аллахбердиевті жеңген еді.

Сондай-ақ отандасымыз осыған дейін аустралиялық Каллум Петерсті жарыс жолынан тайдырып, ширек финалға өткен болатын.

Париж-2024 Нұрбек Оралбай Финал

Тақырыпқа жаңалықтар