Павлодарда жағажай футболынан Қазақстан кубогы өтеді
Қазақстан футбол федерациясының қолдауымен Павлодарда жағажай футболынан ел кубогы өтеді. Павлодар облысының намысын «Арман» клубы қорғайды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Жағажай футболынан ел кубогының ойындары Павлодар қаласында 7-9 маусым күндері өтеді, - деп жазады Kazinform агенттігі.
«Футбол ойындары орталық жағажайда ұйымдастырылады. Бұл – біздің аймақ үшін маңызды оқиға. Турнирде облыс намысын еліміздің ең атақты жағажай клубы – павлодарлық «Арман» қорғайды. Бапкері – Болат Аленов. Кубок ойындарында Шарбақты ауданы турнирінің дебютанттарын да атап өткен жөн», - деп хабарлады Павлодар облысының футбол федерациясы.
Кубок үшін таласта сондай-ақ, «Малайсары» футболшылары, Семей қаласының «Barqy», Абай облысының «Spartak» командалары өнер көрсетеді.