Қандасымыз қарсыласын бірінші раундта жеңді
«Алматы Арена» спорт кешенінде аралас жекпе-жектен NAIZA 57 турнирінде қытайдан келген қандасымыз қарсыласын 1 раундта жеңді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.
Аталған турнирге Қытайдан келген қандасымыз Тайлақ Нұражы (8-1) мен Қазақстан атынан сынға түсіп жүрген бразилиялық файтер Дуглас де Оливейра (14-7) өзара кім мықтыны анықтаған болатын.
Нәтижесінде үш раундқа жоспарланған жартылай орта салмақтағы жекпе-жек бірінші раундта техникалық нокаутпен, Қытайдан келген қандасымыз Нұражының жеңісімен аяқталды.
Осылайша Тайлақ Нұражы кәсіпқой мансабындағы тоғызыншы жеңісіне қол жеткізсе, бұл Дуглас де Оливейра үшін кәсіпқой ММА-дағы сегізінші жеңілісі болды.
А
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: