Placeholder
Фото: Qazsporttv
Qazsporttv
Спорт6 қыркүйек 2024, 4:27

Қазақ балуаны грек-рим күресінен Әлем чемпионы атанды

Қазақстан балуаны 20 жасқа дейінгілер арасында Әлем чемпионы атанды. Грек-рим күресінен Ислам Евлоев (82 келіге дейінгі салмақта) және түркиялық Альперен Белберді (әлемдік рейтингте 7-орында тұрған балуан) финалда кездесіп, отандасымыз түрік балуанын айқын басымдықпен (9:3) жеңіп, алтын медаль алды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Egemen.kz жазады.

Қазақстан спортшыларынан Юсуф Ашрапов (67 келі) күміс медаль иегері болса, Айбек Айтбеков (55 келі), Оңдасын Хамитов (60 келі) Темірлан Тұрдақын (87 келі) қола жүлделерге қол жеткізді.

Понтеведре (Испания) қаласындағы Әлем чемпионатында Қазақстан командасы грек-рим күресі бойынша 1 алтын, 1 күміс, 3 қола медальдармен доданы тәмамдады.

Әлем чемпионы Ислам Евлоев Балуан

Тақырыпқа жаңалықтар