Қазақстан футбол құрамасының кеңейтілген құрамы жарияланды
Қазақстан футбол құрамасы Ұлттар лигасының жартылай финалында Грекиямен өтетін матчқа дайындық аясында кеңейтілген құрамды жариялады, - деп хабарлайды Arbat.media.
Қазақстан футбол федерациясынан мәлім еткеніндей, оқу-жаттығу жиыны 8 наурызда Дубайда басталады. Ойыншылардың нақты тізімі кейін белгілі болады.
Жалпы тізімге 33 футболшы енгізілді.
Қақпашылар: Игорь Шацкий — «Ақтобе», Бекхан Шайзада — «Ордабасы», Данил Устименко — «Қайрат», Александр Заруцкий — «Астана»;
Қорғаушылар: Александр Марочкин, Ян Вороговский, Марат Быстров, Тимур Досмағамбетов — бәрі «Астана», Еркін Тапалов, Роман Асранкулов, Руслан Валиуллин — бәрі «Тобыл», Сергей Малый, Темірлан Ерланов — екеуі де «Ордабасы», Бағдат Қайыров, Әділхан Таңжарықов — екеуі де «Ақтобе», Нұралы Әліп — «Зенит» (Ресей), Александр Зуев — «Арсенал» (Тула, Ресей), Лев Скворцов — «Химки» (Ресей);
Жартылай қорғаушылар: Рамазан Оразов, Максим Самородов, Арман Кеңесов — бәрі «Ақтобе», Абзал Бейсебеков, Исламбек Қуат — екеуі де «Астана», Асхат Тағыберген, Самат Жарынбетов — екеуі де «Ордабасы», Әділет Садыбеков — «Қайрат», Ислам Чесноков — «Тобыл», Бақтиер Зайнутдинов — «Бешикташ» (Түркия);
Шабуылшылар: Владислав Прокопенко, Рамазан Кәрімов, Эльхан Астанов — бәрі «Астана», Иван Свиридов — «Елімай», Абат Айымбетов — «Адана Демирспорт» (Түркия).