Қазақстан каратэшілері Парижден үш медаль олжалады
Каратэден 26-28 қаңтар аралығында Париж төрінде өткен премьер-лига бәсекесінде жерлестеріміз 3 қола жүлде иеленді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Kazinform агенттігі жариялады.
50 келі салмақта Мөлдір Жаңбырбай, 55 келіде Гүлмира Үсенова және +84 келі салмақта Абылай Төлтай каратэден премьер-лига бәсекесінде қола жүлдеге қол жеткізді.
Аталмыш турнирде әлемнің 66 елінен 366 спортшы 10 салмақта жүлде жиынтығын сарапқа салды.
Қазақстандық спортшылардың әлемдік рейтингтегі көрсеткіші:
Әйелдер
2-орын. Софья Берульцева (+68 келі)
3-орын. Мөлдір Жаңбырбай (50 келі)
3-орын. Әсел Қанай (61 келі)
3-орын. Лаура Әліқұл (68 келі)
7-орын. Гүлмира Үсенова (55 келі)
Ерлер
2-орын. Дидар Әмірәлі (67 келі)
3-орын. Қайсар Алпысбай (60 келі)
6-орын. Нұрқанат Әжіқанов (75 келі)
7-орын. Абылай Төлтай (+84 келі)
13-орын. Данияр Юлдашев (84 келі).