Қазақстан V Азия Пара ойындарында 68 медаль жеңіп алды
Қазақстан құрамасы Дубай қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы V Азия Пара ойындарында 68 медаль иеленді, деп хабарлайды Arbat.Media.
Оның ішінде 25 алтын, 23 күміс және 20 қола жүлде бар.
Жарыста ел намысын 60 спортшы 9 спорт түрі бойынша қорғады. Жалпы медальдық есепте қазақстандық команда 45 елдің арасында 5-орынға тұрақтады.
Айта кетейік, байрақты бәсекеге 45 мемлекеттен 1300-ден астам спортшы қатысып, 11 спорт түрі бойынша 481 медаль жиынтығы сарапқа салынды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: