Спорт22 шілде 2024, 15:45

Қазақстандық спортшылар Стенд атудан АҚШ-тағы екі турнирде 6 медаль жеңіп алды

АҚШ-тағы Гран-при турнирі мен Perazzi Cup додасында отандастарымыз 6 медаль жеңіп алды. Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, қазақстандық спортшылар 2 алтын, 2 күміс және 2 қола жүлдені еншілеген, - деп хабарлайды Arbat.media.

Богдан Конченко жасөспірімдер арасындағы Perazzi Cup турнирінде екінші, Анастасия Прилепина үшінші орын алды. Сондай-ақ Конченко Гран-при турнирінде алтын жүлдеге қол жеткізді.

А санатындағы сында Асылхан Айсалбаев алтын алса, В санатында Анастасия Прлепина күміске иелік етті.

Сонымен қатар Наргиза Сарманова қола медаль иеленді.

қазақстандық спортшылар Стенд ату АҚШ 6 медаль

Тақырыпқа жаңалықтар