Placeholder Қазақстанның 7 боксшысы жастар арасындағы әлем чемпионатының финалына шықты
Фото: ҰОК
YOK
СпортБүгін, 8:00

Қазақстанның 7 боксшысы жастар арасындағы әлем чемпионатының финалына шықты

Қазақстанның жастар құрамасының жеті өкілі Черногорияның Будва қаласында өтетін әлем чемпионатында алтын жүлдеге таласады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы ҰОК хабарлады.

Бексұлтан Боранбек (51 кг), Төрехан Сабырхан (67 кг), Өнер Сейілхан (71 кг), Санжарәлі Бегалиев (75 кг), Елянур Турганова (50 кг), Ұлдана Таубай (66 кг) және Аружан Зейноллаева (81 кг) финалға өтті.

Ал, Диас Берікбай (48 кг), Жансері Көшербаев (57 кг), Расул Асанханов (92 кг), Аслан Елдібайұлы (92 кг жоғары) Әнел Абдрасилова (48 кг), Бағжан Отынбай (52 кг), Толғанай Қасымхан (60 кг), Аружан Жанабаева (63 кг), Шұғыла Нәлібай (75 кг) және Панар Сейітханқызы (81 кг жоғары) чемпионатты қола жүлдемен аяқтады.

Әлем чемпионаты бокс Жастар Финал

Тақырыпқа жаңалықтар