СпортБүгін, 17:18

Чемпиондпр лигасы: «Қайрат» өз алаңында «Сутьесканы» 2:1 есебімен жеңді

Алматылық «Қайрат» Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңін сәтті бастап, өз алаңында Черногорияның «Сутьеска» клубын 2:1 есебімен ұтты. Ойынды тамашалауға 14 мың жанкүйер келді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Алматылық «Қайрат» Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіндегі кездесуде «Сутьесканы» 2:1 есебімен жеңіп, маңызды ұпайға қол жеткізді.Матч барысында алматылықтар сапынан Лукас Африко мен Марк Гуаль гол соғып, командасына жеңіс сыйлады. «Қайрат» «Сутьесканы» матчтың соңғы минуттарында жеңді.

Қарымта кездесу 15-інен 16 шілдеге қараған түні өтеді. Екі ойынның қорытындысы бойынша жеңіске жеткен клуб келесі кезеңде кипрлық «Омониямен» кездеседі.

Егер «Қайрат» ұтылып қалса, еурокубоктағы жолын Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінде жалғастырады.

Дегенмен алматылықтар тең нәтижемен келісе салмай, қосымша уақытта Марк Гуаль жеңіс голын соғып, алаң иелеріне жеңіс сыйлады.

спорт Қайрат чемпион футбол
Кеше, 16:29 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 10:20 Қазақстан жаңалықтары
7 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары
7 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар