Қытайлық қазақ файтер Road to UFC турнирінің финалына жолдама алды
Қытайдағы қандасымыз Бақытбол Батырболат Шанхай қаласында өткен «Road to UFC» турнирінде екінші жекпе-жегін өткізді. Үш раундқа созылған айқаста қандасымыз оңтүстіккореялық қарсыласы Ким Хан Сольді төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен 29-28 есебімен жеңіп, турнирдің финалына жолдама алған, - деп хабарлайды Arbat.media.
Арыстан патша (Lion King) лақап атымен шаршы алаңда өнер көрсетіп жүрген Бақытбол турниріндегі дебютін 2023 жылы Оңтүстік Корея файтері Вон Бин Киға қарсы өткізіп, жеңіске жеткен болатын, - деп жазады Kazinform агенттігі.
Road to UFC турнирі — Азия аймақтық іріктеу бәсекесі саналады.
Турнир жеңімпазы UFC-мен келісім жасасып, ауқымды жекпе-жектер өткізуге мүмкіндік алады.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: