Placeholder Рафаэль Надаль спорттағы мансабын аяқтайды
Фото: SCANPIX/IMAGO/justpictures.ch
justpictures.ch
Спорт10 қазан 2024, 19:25

Рафаэль Надаль спорттағы мансабын аяқтайды

Әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы Рафаэль Надаль Дэвис кубогының финалынан кейін мансабын аяқтайтынын айтты. 38 жастағы теннисші қарашаның 19-ы мен 24-і аралығында Малагада өтетін Дэвис кубогының финалына соңғы рет шығады, - деп хабарлайды Arbat.media.

— Баршаңызға сәлем, мен кәсіби теннистен кететінімді айтпақшымын. Негізі, соңғы жылдар мен үшін қиын болды, әсіресе соңғы екі жыл. Мен шектеусіз ойнай беремін деп ойламаймын. Әрине, бұл шешім қабылдауыма біраз уақыт қажет болған қиын шешім, бірақ бұл өмірде бәрінің басы мен соңы бар және менің ойымша дәл қазір өзім үшін сәтті болған мансабымды аяқтайтын уақыт келді, - деді Надаль испан тілінде X әлеуметтік желісінде жарияланған видеода, деп жазады ATP Tour.

Мансап жолында испандық «Үлкен дулыға» турнирінде 22 рет жеңіске жетті, оның ішінде Ролан Гарростағы (Франция ашық чемпионатында) рекордтық 14 жеңісі бар.

Рафаэль Надаль мансабын аяқтады Теннис

Тақырыпқа жаңалықтар