2 қарашада ауа райы қандай болады?

2 қарашада Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болмайды. Алайда солтүстік пен шығыста, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында жаңбыр мен қар жаууы мүмкін, деп хабарлайды Arbat.Media.

Астанада күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Түнде +1…+3, күндіз +6…+8 градус жылы, солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 5–10 м/с болады. Алматыда да жауын-шашын күтілмейді: түнде +2…+4, күндіз +14…+16 градус жылы. Шымкентте ауа температурасы түнде +6…+8, күндіз +20…+22 градусқа жетеді.

Еліміздің солтүстігі мен оңтүстік-шығысында жел күшейіп, кей өңірлерде түнде және таңертең тұман түседі. Алматы, Жетісу және Қызылорда облыстарының жекелеген аудандарында түнгі температура −1…−8 градусқа дейін төмендеп, үсік жүруі ықтимал.

Бірқатар өңірде құрғақ ауа райына байланысты өрт қаупі сақталады. Атырау, Қызылорда облыстарында, сондай-ақ Ақтөбе, Маңғыстау, Ұлытау және Жетісу облыстарының кей аудандарында төтенше өрт қаупі болжанған. Батыс Қазақстан, Қарағанды, Жамбыл, Қостанай, Алматы және Түркістан облыстарының жекелеген аумақтарында да өрт қаупі жоғары болады.

Ауа райы Жауын шашын Қар жел

Тақырыпқа жаңалықтар