Ресей жеңіл атлеттері Олимпиадаға қатысуға жіберілмейді
Ресей Федерациясының жеңіл атлеттері Парижде өтетін Олимпиадаға қатысуға жіберілмейді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Халықаралық жеңіл атлетика федерациялары қауымдастығының президенті Себастьян Коу 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарына ресейлік немесе беларусь спортшыларының бейтарап мәртебемен қатысу мүмкіндігін жоққа шығарды.
«Парижде Ресей Федерациясы мен Беларусьтің бейтарап спортшыларын көре аласыз, бірақ жеңіл атлетикада бұл болмайды», - деді ол.
Еске салсақ, Халықаралық Олимпиада комитеті бұған дейін әскери қимылдарды белсенді түрде қолдайтындар, армия немесе құқық қорғау органдарымен келісімшарты бар спортшылардан басқа, сондай-ақ командалық спорт түрлерімен айналысатындардан басқа - Ресей мен Беларусь спортшыларына бейтарап атлет ретінде Парижде жарысқа қатысуға рұқсат берген,
Париждегі жазғы Олимпиада ойындары 2024 жылдың 26 шілдесі мен 11 тамызы аралығында өтеді.