13 жастағы қызға тиіскен ер адам өмір бойына сотталды

Петропавлда кәмелетке толмаған қызға сексуалдық зорлық жасады деп айыпталған ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Осы іс бойынша сотталған әйелге 20 жыл түрме жазасы тағайындалды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Солтүстік Қазақстан облыстық қылмыстық істер жөніндегі сот ер мен әйелді аса ауыр қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп таныды.

Сотталғандар Петропавлдағы Жұмысшы кентінде бірге тұрған. Бір күні олардың үйіне туыстарының бірі 13 жастағы қызбен қонаққа келген. Тергеу материалдарына сәйкес, сол жерде ер адам кәмелетке толмаған қызға сексуалдық зорлық көрсеткен.

Оқиғадан кейін қыздың ата-анасы болған жағдайды біліп, полицияға арызданған.

Іс кәмелетке толмаған жәбірленушінің құқығы мен жеке өмірін қорғау мақсатында жабық сот отырысында қаралды. Сот айыпталушылардың аса ауыр қылмысқа қатысы дәлелденді деген қорытындыға келген.

Үкімге сәйкес, ер адам өмір бойына, ал әйел 20 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сонымен қатар сот сотталғандардан жәбірленушінің пайдасына 6 миллион теңге моральдық өтемақы өндіріп алуды және сот сараптамасына кеткен шығынды өтеуді міндеттеді.

түрме сот Жаза жәбірленуші

Тақырыпқа жаңалықтар