Алматы облысында екі баланы қаққан жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен

Алматы облысының Абай ауылында Chevrolet Cobalt көлігінің жүргізушісі жол жиегінде тұрған екі баланы қағып кеткен. Оқиғадан кейін жүргізуші оқиға орнынан ізін суытты, деп хабарлайды Arbat.Media.

Жол апатынан зардап шеккен екі бала да аудандық ауруханаға жеткізіліп, ота жасалды. Балалардың бірі операциядан кейін хирургия бөліміне ауыстырылған.

Ал екінші бала жансақтау және қарқынды терапия бөлімінде жатыр. Оның жағдайы ауыр деп бағаланып отыр.

Полиция оқиғаға қатысты әзірге ресми түсініктеме берген жоқ.

Көлік жүргізуші оқиға Жол апаты

Тақырыпқа жаңалықтар