Тобыл» - футболдан 2023 жылғы Қазақстан кубогының иегері
Астанада футболдан Қазақстан кубогының иегері анықталды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Қазақстан кубогы финалында Шымкенттің «Ордабасы» және Қостанайдың «Тобыл» командалары шеберлік байқасты.
Екі команда бірден-ақ шабуылға көшті. Биыл чемпиондық атаққа қол жеткізген шымкенттік клуб кубокты алуды алдына меже етті.
Ел біріншілігінде сегізінші орынды місе тұтқан қостанайлық клуб алдағы жылы еурокубокта сынға түсу үшін кубокты жеңіп алуы қажет еді.
Бірінші кезеңде екі команда шабуылға көбірек шықты. Десе де таблодағы есепке өзгеріс енген жоқ.
Екінші кезеңде де командалар гол соғатын мүмкіндікті іздеді. Ойынның 67-минутта Ислам Чесноков мергендік танытты.
«Тобыл» қарсыласынан 1:0 есебімен жеңіп, Қазақстан кубогының иегері атанды.
Қостанайлық клуб бұндайға соңғы рет 2006 жылы қол жеткізген еді.
Енді олар алдағы жылы Еуропа лигасында сынға түседі.
«Ордабасы» Чемпиондар лигасында ел намысын қорғаса, «Астана» мен «Ақтөбе» Конференция лигасында бақ сынайды.