Спорт2 желтоқсан 2023, 11:00

UFC спортшысы Рахмонов-Томпсон жекпе-жегіне болжам жасады

UFC-дің жеңіл салмақтағы спортшысы Чейз Хупер 16 желтоқсанда қазақстандық жартылай орта дивизион файтері Шавкат Рахмонов пен америкалық Стивен Томпсон арасында өтетін айқасқа болжам жасады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Sports.kz басылымы жазады.

«Мен Шавкаттың Джефф Нилге қарсы жекпе-жегін Томпсонның жаттықтырушыларының бірімен отырып көрдім. Мені Шавкаттың Джефф Нилге страйкті көп жұмсағаны таңғалдырды және ол Нилдің жауап соққыларын өткізіп алып отырған. Джефф Нилдің бойы кіші, оны негізінен боксшы деуге болады. «Вандербойдың» қолының соққысы мен таймингі мықты. Егер ол өзін торға тіреуге, ұстасып қалуға мүмкіндік бермесе және қағып түсіруден қашып жүрер болса, жеңіске жету қиынға соқпайды деп ойлаймын», - деді ол.

Рахмонов-Томпсон Жекпе-жек болжам

Тақырыпқа жаңалықтар