Ташкентте ауруханаға түскен қарағандылық балалардың жағдайы белгілі болды
Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі Ташкенттегі ауруханаға барып, Dostlik Cup 2026 турниріне қатысқан балалар мен ересектердің жағдайымен танысты, деп хабарлайды Arbat.Media.
Елшілік мәліметінше, ауруханаға 17 адам жатқызылған. Оның 11-і - бала. Зардап шеккендердің жағдайы тұрақты, барлығына медициналық көмек көрсетіліп жатыр.
Қазақстан консулы да хабар түскен сәттен бастап ауруханада жүр.
Жағдай екі елдің денсаулық сақтау министрлерінің және Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігінің жеке бақылауында.
Бұған дейін Ташкентке барған қазақстандық жасөспірім футболшылар уланып, ауруханаға түскені хабарланған еді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: