«Ұлы Жібек жолы» турнирі: тағы үш боксшымыз жартылай финалға шықты
Баку қаласында өтіп жатқан «Ұлы жібек жолы» халықаралық турнирінің екінші жарыс күнінде үш боксшымыз жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Алдымен 60 келі салмақта ширек финалда Талғат Сырымбетов венгриялық Марк Адоль Балохты еш қиындықсыз жеңіп, тіпті, қарсыласын үшінші раундта нокдаунға жіберді. Осылайша қазақстандық былғары қолғап шебері жартылай финалға жолдама алды.
Сондай-ақ, 71 келіде Дархан Дүйсебай әзербайжандық Наби Искандаровты сүріндіріп, жартылай финалға шықты.
Ал Бекзат Таңатар (86 келі) өзбекстандық тәжірибелі боксшысы Самандар Джалоловты қапы қалдырды. Нәтижесінде енді ол жартылай финалда бақ сынайды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: