Спорт31 мамыр 2024, 12:00

Жәнібек Әлімханұлының кезекті қарсыласы анықталды

Орта салмақта WBO және IBF титулдарының иегері, қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлының (15-0, 10 КО) кезекті қарсыласы анықталды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Қазақстандық боксшы 13 шілде күні шаршы алаңға оралып, IBF нұсқасы бойынша міндетті қарсылас, Жаңа Зеландиялық боксшы Андрей Михайловичпен қолғап түйістіреді, - деп жазады Kazinform агенттігі.

- Ресми! Қарсылас рекорды 21-0. IBF Андрейді міндетті қарсылас етіп бекітті. Бұйыртса 13 шілдеде Лас-Вегаста Qazaq style-ды әлем тамашалайтын болады! Бұйыртса жарқын жеңістен соң титул біріктіру шаруасына кірісеміз! Жекпе-жекке дайындығымызға қолдауын көрсетіп жатқан Кеңес Рақышев ағамыз екенін баршаңыз білесіздер! - деп жазды боксшы Instagram парақшасында.

Еске сала кетейік, Жәнібек Әлімханұлының соңғы айқасы өткен жылдың қазан айында болған.

Ол неміс боксшысы Винченцо Гуальтиериді (22-1-1, 7КО) мерзімінен бұрын жеңіп, одан IBF титулын тартып алған еді.

Жәнібек Әлімханұлы бокс қарсылас Андрей Михайлович
14 шілде 2025 Қазақстан жаңалықтары
13 шілде 2025 Қазақстан жаңалықтары
13 шілде 2025 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар