Жәнібек Әлімханұлының рингке шығатын күні белгілі болды
Отандасымыз, кәсіпқой боксшы WBO және IBF тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) кезекті рет рингке қашан шағатынын айтты. Жәнібек Әлімханұлы 15 маусым күні Лас-Вегастағы Palm Casino Resort кешенінде бокс кеші өтетінін, сол бәсекеде жұдырықтасытынын жариялады, - деп хабарлайды Arbat.media.
Алайда WBO және IBF тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қарсыласы кім болатынын айтпады, - деп жазады Kazinform агенттігі.
Айта кетейік, бұған дейін америкалық спорт сарапшылары отандасымыздың міндетті қарсыласы ретінде жаңазеландиялық Андрей Михайловичті (21-0, 13 КО) атаған еді.
Ал Жәнібек Әлімханұлы кейінгі жекпе-жегін 2023 жылдың қазан айында өткізіп, жеңіске жетті.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: