Спорт26 қараша 2023, 10:00

Жас шахматшыларымыз әлем чемпионатында 3 медаль жеңіп алды

Қазақстан шахматшылары Италияның Монтесильваносында өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында 3 медаль иеленді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Екі аптаға жуық созылған әлем чемпионатында 80 елден 14-18 жас аралығындағы шахматшылар жарысты.

Қазақстаннан 15 жастағы Алдияр Аңсат 11 турдан кейін 8,5 балл жинап, 18 жасқа дейінгілер арасында қола медаль алды.

14 жасқа дейінгі қыздар арасында Елназ Қалиахмет 9 ұпаймен күміс алса,16 жасқа дейінгіде Алуа Нұрманова үшінші орын алды. 

 

жас шахматшылар Италия медаль Әлем чемпионаты

Тақырыпқа жаңалықтар