Жастар арасындағы әлем чемпионатында Асылхан Көшербайда күміс жүлде
Фото: KAZAKH BOXING
KAZAKH BOXING
Спорт3 қараша 2024, 18:17

Жастар арасындағы әлем чемпионатында Асылхан Көшербайда күміс жүлде

АҚШ-тың Пуэбло қаласында өтіп жатқан U19 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық боксшы аустралиялық Купер Макконалмен алтын жүлдені сарапқа салды. 65 келі салмақ дәрежесі бойынша өнер көрсеткен Асылхан Көшербай финалдық бәсекеде жеңіске жетуге барын салды. Тартысқа толы кездесуде отандасымыз қарсыласынан бір бас жоғары болған. Аустралиялық боксшыны нокдаунға түсіріп, бұл жекпе-жекте кімнің үздік екенін көрсетіп баққан. Алайда төрешілер күмәнді шешім қабылдап, 2:3 есебімен жеңісті К. Макконалға берді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Осылайша қазақстандық спортшы әлем чемпионатының күміс жүлдесін қанағат тұтты. Ал, Купер U19 жасқа дейінгі жастар арасында әлем чемпионы атанды, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Еске сала кетейік, бұған дейін 85 келі салмақ дәрежесі бойынша Даниял Райымбеков те күміс жүлдеге ие болған еді.

Сонымен қатар Черногорияның Будва қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Төрехан Сабырхан (67 келі) бокстан жастар арасындағы 2024 жылғы әлем чемпионы болды. Аталған бәсекеде тағы екі қазақстандық боксшы алтын медаль алып, ел мерейін асқақтатты.

Әлем чемпионаты Жастар Асылхан Көшербай Күміс

Тақырыпқа жаңалықтар