Новости: Алаяқтар

Алаяқтар - Қазақстандағы жалғыз еуразиялық порталдағы соңғы жаңалықтар тізімі. туралы жаңа ақпаратты оқыңыз 【Алаяқтар】 жаңалықтар Arbat media
Есірткі саудасына өзге азаматтардың банк картасын пайдалану жиілеген
23 қазан 2024 / Новости Казахстана

Есірткі саудасына өзге азаматтардың банк картасын пайдалану жиілеген

Елімізде есірткі саудасына өзге азаматтардың банк картасын пайдалану жиілеген. Қаржы мониторингі агенттігі осындай көлеңкелі қылмысқа қатысы бар деген 30 мыңнан астам банк шотын анықтаған. Ондағы қаржы айналымы 22 млрд теңгеден асады.

«Болашақ» бағдарламасына қатысушыларға алаяқтар туралы ескерту жасалды
22 қазан 2024 / Новости Казахстана

«Болашақ» бағдарламасына қатысушыларға алаяқтар туралы ескерту жасалды

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» стипендиаттар, «Болашақ» бағдарламасының және ғылыми тағылымдама түлектеріне ескерту жасады. Орталық соңғы уақытта алаяқтық жағдайлары жиілеп кеткенін атап өтіп, абай болуды сұрады. 

SIM-карта EGov арқылы берілсе, телефон алаяқтары азаяды
18 қазан 2024 / Новости Казахстана

SIM-карта EGov арқылы берілсе, телефон алаяқтары азаяды

SIM-картаны EGov арқылы беруді ұсынған Цифрлық даму министрлігі қазір осыны жүзеге асырудың жолдарын қарастырып жатыр. Ведомство басшысы аталған жүйе енгізілсе, алдымен телефон алаяқтары азаяды дейді. 

Алматыда бір топ адам арзан көлік аламыз деп алаяққа ұрынған
20 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Алматыда бір топ адам арзан көлік аламыз деп алаяққа ұрынған

Қымбат машинаны арзанға аламыз деп алаяққа ұрынған. Су тегінге көлікпен қоса, үй, тіпті жер телімін алуға көмектесемін деген азаматқа сенген алматылықтар енді прокуратураның алдын торуылдап жүр. Айтуларынша, өзін мемлекеттік қызметкермін деп таныстырған кісіге кемі 1 миллионнан 12 миллион теңгеге дейін ақша ұстатқан. Алданғандар тақырға отырғызып кеткен ер адамның тиісті жазасын алып, қаражатын қайтаруды талап етуде. 

Алаяқтардың жаңа әдісі: Ұлттық банктің атынан хабарласып жатыр
20 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Алаяқтардың жаңа әдісі: Ұлттық банктің атынан хабарласып жатыр

Алаяқтар қазақстандықтардың қалтасын қағудың жаңа әдісіне көшкен. Енді пысықайлар тұрғындарға Ұлттық банктің атын жамылып хабарласатын болған. Ал қаржы нарығын реттеуші ұйым қызметкерлері жеке тұлғаларға қоңырау шалып, СМС жібермейміз дейді. 

Бастығының көліктерін сатып жіберіп, кейін киллер жалдап өлтірмек болған
23 тамыз 2024 / Новости Казахстана

Бастығының көліктерін сатып жіберіп, кейін киллер жалдап өлтірмек болған

Киллер жалдап, өзін өлтірмек болған қылмыскердің кесірінен тақырға отырған. Астанада бастығының 18 көлігін сатып жіберіп, мұны жасыру үшін оның көзін жоюға тапсырыс берген жігіт сотталса да, жәбірленушінің мүлкі өзіне қайтарылмапты. Сотталушы машиналарды заңсыз жолмен арзан бағамен таныстарына сатқан. Кейін олар да үстіне ақша қосып, көліктер өзге адамдардың қолына өтіпті. Ал өлім ауызынан қалған кәсіпкер енді сот жағалауға мәжбүр. 

Ескерту: Қаржылық мониторинг атынан хабарласатын алаяқтар көбейді
26 шілде 2024 / Новости Казахстана

Ескерту: Қаржылық мониторинг атынан хабарласатын алаяқтар көбейді

Қаржылық мониторинг агенттігі телефон арқылы жасалған алаяқтық фактілері туралы хабарлады. Алаяқтар телефон қоңыраулары немесе хабарлама жіберу арқылы өздерін ҚМА қызметкерлері ретінде таныстыруы мүмкін. Сұхбат барысында Қазақстан резиденттерінің қаражатын банктік шоттардан қылмыстық жолмен алудың әртүрлі схемаларын сылтау етіп, алаяқтықтың ықтимал белгілеріне және ҚМА тарапынан қойылған шектеулерге байланысты банктердегі шоттар бойынша операцияларды тоқтата тұру туралы хабардар етеді. Ары қарай, алаяқтар банктік шоттардың реквизиттерін, заңмен қорғалатын және құпия, жария етілмейтін деректерді ұсынуды сұрайды. 

Ұлттық қауіпсіздік комитеті алаяқтар туралы шындықты айтты
21 шілде 2024 / Новости Казахстана

Ұлттық қауіпсіздік комитеті алаяқтар туралы шындықты айтты

Ұлттық қауіпсіздік комитеті күштік құрылымдар атынан азаматтарға жүгінетін алаяқтық әрекеттер жиілеп кеткенін айтты. Алаяқтар қоңырау шалып немесе қаржылық және басқа да операцияларды жүргізу туралы өтініштері бар мәтіндік хабарламалар жібереді. Бұл ретте азаматтарға олардың атына қылмыстық мақсатта пайдаланылған ақшалай несие ресімделгені, сондай-ақ қылмыстық жауаптылыққа тартылатыны жайлы қорқыту хабарлама келеді. ҰҚК символикасы бар арнайы дайындалған құжаттардың файлдары жиі жіберіледі.