Қазақстан жаңалықтары3 маусым 2024, 16:02

Биыл 700-ден астам қазақстандық интернет алаяқтарға алданып қалған

Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев кезекті брифингіде интернет алаяқтарға алданып несие алатын қазақстандықтардың азаймай тұрғанын айтты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.  

«Алаяқтар интернетте жалған хабарландыру орналастыру арқылы тұтынушыларды алдауын тоқтатар емес. Қаскөйлер тауар немесе қызметтің ақысын алдын ала төлетіп, соңынан ізін суытып, тұтынушыны дымсыз қалдырады. Жыл басынан бері осындай 2700-ден астам факті тіркелді. Алаяқтардың айласына түсіп қалмау үшін фишингтік сайттардан сақ болыңыздар. Фишингтік сайт дегеніміз – танымал сайттардың атын жамылған жалған ресурстар. Олар азаматтардың дербес деректерін ұрлау үшін шын сайттардың атын жамылады. Сондықтан браузердегі сайт мекенжайын ұдайы тексеріп отыру керек. Күдікті сілтемелерге өтпеңіздер. Тауарды алғаннан кейін ғана төлем жасаңыздар. Тауардың бар-жоғын тексеріп алу қажет. Егер сатушы басқа қалада болса, сондағы таныстар мен туыстар арқылы сауда жасаған жөн», - деді ол.

ІІМ өкілі «тез байытудың» инвестициялық схемаларына алданушлар да көп екенін айтады.

«Инвестиция арқылы тез баю туралы ұсыныстар адамдарды қызықтырып жатады. Алаяқтар азаматтарға «жоқ инвестициялық» жобаларға ақша салдырып, қаражат жымқырады. Жыл басынан бері 700-ден астам қазақстандық осындай схеманың құрбаны болды. Өздерінің соңғы ақшасынан айырылып, тіпті, осы үшін несие рәсімдегендер де бар», - деді Шыңғыс Әлекешев.

Қазақстандықтар Алаяқтар Көрсеткіш

Тақырыпқа жаңалықтар