бәйге

бәйге - Қазақстандағы жалғыз еуразиялық порталдағы соңғы жаңалықтар тізімі. туралы жаңа ақпаратты оқыңыз 【бәйге】 жаңалықтар Arbat media
4 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

«Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесі басталды

Бүгін Халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесі басталды. Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Ботай қонысымен Астана арасын жалғайтын жорық 500 шақырымды құрайды. Оған шет мемлекеттерден 8 команда қатысып жатыр. Отандық командалардың саны - 9.и 

25 тамыз 2024 / Новости Казахстана

Оралда бәйгеден ел чемпионатының соңғы іріктеу кезеңі мәресіне жетті

Орал қаласында бәйгеден Қазақстан чемпионатына іріктеудің тоғызыншы кезеңінің жеңімпаздары анықталды. Шараның ашылу рәсімінде Орал қаласы әкімінің міндетін атқарушы Жандос Дүйсенғалиев пен республикалық «Бәйге» федерациясының бірінші вице-президенті Мұрат Өсербаев жиналғандарға ізгі тілегін білдіріп, ат бәйгесіне қатысушыларға сәттілік тіледі. Биылғы көктемгі су тасқыны кезінде ел атбегілері атынан батысқазақстандықтарға қаржылай қолдау ұйымдастырған Мұрат Өсербаев, Исенбай Қалдаманов, Қуат Үсенов, Батқан Сабуров, Айдар Нұрмұқанбетовке Орал қаласы әкімдігінің алғысхаты мен БҚО «Бәйге» федерациясының «Алтын тізгін» төсбелгісі табыс етілді. 

29 қаңтар 2024 / Новости Казахстана

Дубайда қазақ тұлпары мәре сызы­ғын тағы бірінші болып кесті

Дубайды дүбірлеткен қазақ тұлпары мәре сызы­ғын тағы бірінші болып кесті. Тілек Мұқан­бет­қалиевтің тұлпары Кәбірхан Al Maktoum Challenge турнирінің бірінші топтағы үздік аттар бәйгесінде топ жарды.

15 қаңтар 2024 / Новости Казахстана

Тұңғыш рет қазақ тұлпары әлемдік жарыста мәрені бірінші болып кесті

Дубайда өткен 2000 метрлік бәйгеде 13 тұлпар бақ сынап, қазақ тұлпары мәрені бірінші қиған. Дубайды дүбірлеткен Каверхан тұлпардың қазіргі иесі – Астанада тұратын оралдық Тілек Мұхамбетқалиев.