Қазақстан жаңалықтары3 желтоқсан 2023, 21:41

Ат бәйгесінің жеңімпазы 2 млн теңге ұтып алды

Атырауда «Ұлы дала жорығы» жобасы аясында 90 шақырымдық бәйге марафоны өтті. Ұзақ қашықтықтағы ат бәйгесінің жеңімпазы 2 млн теңгеге ие болды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Қазинформ жариялады

Атырауда «Ұлы дала жорығы» жобасы аясындағы алғашқы бәйге марафоны Махамбет ауданында ұйымдастырылып отыр. Оны облыстық бәйге федерациясы өткізді. . 

Қызылқоға ауданының үш жүйрігі алғашқы үш жүлдені иеленді. Мұқыр ауылында тұратын Тайжановтар әулеті қосқан «Нұртөбел» жүйрігі мәреге бірінші болып жетті. Жүйрікті атбегі Әлеке Бөлтеков баптаған. Ал, шабандозы – Бақытжан Жеткізген. Жеңімпаз жүйріктің иесіне 2 млн теңге берілді. 

Екінші жүлденің сыйақысы – 1 млн теңгені Миялы ауылының тұрғыны Қайырбек Баймұратовтың «Айтұмар» жүйрігі иеленді. Ауыздығымен алысқан бұл жүйрікті де Әлеке Бөлтеков баптаса, шабандозы – Иса Жаңғабыл. 

Үшінші келген «Күнқасқа» тұлпарын Тайсойған ауылының тұрғыны Есенғабыл Қосаев қосты. «Күнқасқаның» шабандозы Досжан Досқали 800 мың теңгеге ие болды.

 

Ұлы дала жорығы Атырау бәйге
25 шілде 2025 Қазақстан жаңалықтары
24 шілде 2025 Қазақстан жаңалықтары
24 шілде 2025 Қазақстан жаңалықтары
25 шілде 2025 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар