Қазақстан жаңалықтары29 қаңтар 2024, 0:24

Дубайда қазақ тұлпары мәре сызы­ғын тағы бірінші болып кесті

Дубайды дүбірлеткен қазақ тұлпары мәре сызы­ғын тағы бірінші болып кесті. Тілек Мұқан­бет­қалиевтің тұлпары Кәбірхан Al Maktoum Challenge турнирінің бірінші топтағы үздік аттар бәйгесінде топ жарды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Egemen.kz жазады.

Атақты Meydan ипподро­мында өткен Al Maktoum Challenge – барша әлем көз тік­кен мәртебелі бәйге. Аталған бәйгеде 12 тұлпар жарыс жолына шық­ты. Оның ішінде экс-чемпион Мими Какуши және классика­ның үздіктері Атлетико Эль Кулано, Клэптон, Фёрст Конститьюшен, Милитари Ло болды.

Дубайдағы беделді бәйгеде жеңіске жеткен сәйгүліктің иесі Тілек Мұқан­бет­қалиевті 27 қаң­тарда Астана әуежайынан Ұлттық спорт қауымдастығы мен бірнеше БАҚ өкілдері күтіп алды.

– Барлығы ойдағыдай өтті. Қатты қуандық. Бұл Қазақстан тарихында болмаған жайт. Алда жоспар көп. 30 наурызда 27-рет өтетін Дубай кубогіне қатысамыз, – деді Кәбірханның иесі.

Дубай бәйге Тілек Мұқан­бет­қалиев тұлпар

Тақырыпқа жаңалықтар