Новости: Білім гранты

Білім гранты - Қазақстандағы жалғыз еуразиялық порталдағы соңғы жаңалықтар тізімі. туралы жаңа ақпаратты оқыңыз 【Білім гранты】 жаңалықтар Arbat media
arbat media
15 қараша 2024 / Новости Казахстана

Білім грантының саны емес сапасы мен көлемі өседі

2025 жылдан мемлекеттік білім грантының саны емес сапасы мен көлемі арттырылады. Бұл туралы «Jibek Joly» телеарнасының «Уәде» бағдарламасына сұхбат берген Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты. «Гранттардың саны ұлғайып келе жатыр. Оның өзіндік үрдісі, тәртібі бар. Біз демографиялық өсімде алдын ала қаперге алуымыз қажет. Сондықтан гранттардың санын жыл сайын сәл өсіріп отырамыз. Бірақ, келесі жылдан бастап гранттардың санын емес, сапасы мен көлемін ұлғайтамыз. Гранттардың құны жыл сайын арттырылады», -деді министр. 

arbat media
30 шілде 2024 / Новости Казахстана

Білім грантына өтініш қабылдау аяқталды

Биыл бакалавриатқа түсу үшін 79 мыңға жуық грант бөлінген. Гранттардың басым бөлігі инженерлік және техникалық бағыттарға үлестірілген. Биыл алғаш рет ішінара оқу ақысы бар сараланған гранттар енгізілген. Мәселен, «Педагогикалық ғылымдар» және «Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат» бағыттары бойынша 150 сараланған гранттан бөлінген. Сондай-ақ «Серпін» бағдарламасы арқылы түсушілерге 3 903 грант бөлінген. Гранттар тізімінде 5 000 халық тығыз қоныстанған және батыс өңірлердің жастарын жетекші жоғары оқу орындарында оқыту үшін мақсатты білім беру гранттары бар.