Демеу Жадыраев — Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері
Грек-рим күресінен Париж Олимпиадасының финалында белдескен Демеу Жадыраев жапониялық Нао Кусакадан жеңілді. Отандасымыз 77 келі салмақта қарсыласына 5:2 есебімен есе жіберіп, күміс жүлдені қанағат тұтты. Ал Нао Кусака Париж Олимпиадасының чемпионы атанды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Айта кетейік, ол алғашқы жекпе-жегінде эквадорлық Джейр Куеромен белдесті, - деп жазады Kazinform агенттігі.
Аса тартысты өткен жарыста Демеу Жадыраев 8:0 есебімен жеңіске жетті.
Ширек финалда екі дүркін әлем чемпионы, Токио ойындарының күміс жүлдегері қырғызстандық Ақжол Махмудовтан 3:1 есебімен басым түсті.
Ал жартылай финалда әзербайжан жігіті Санан Сулеймановты 6:1 есебімен жеңді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: