10 қыркүйек 2024
/ Мир
Германияда оқушылар Гитлерді өз қаласының құрметті азаматы атағынан айыруды талап етті
Германияда ектеп оқушылары Гитлерді өз қаласының құрметті азаматы атағынан айыруды талап етуде. «Үшінші рейх» кезінде Германияның 4000 қаласы «фюрерге» құрметті азамат атағын берген. Боннға жақын орналасқан Бад Хоннеф қаласының оқушылары анықтағандай, оның есімі әлі де бұл тізімде. Мектеп оқушыларының бастамасымен қала тұрғындарының 5 пайызы Гитлерді құрметті азамат атағынан айыру туралы өтінішке қол қойды. Енді қала мәслихаты бұл ұсынысты дауысқа салуы керек.