31 шілде 2024
/ Мир
Исмаил Ханияның қазасы: Түркия, Иран, йемендік хуситтер мен «Хезболла» Израильге қоқан-лоққы көрсетті
Иранның жаңа президенті Масуд Пезешкиан Тегерандағы ХАМАС көшбасшыларының бірі Исмаил Ханияның қазасын қатаң сынға алып, Иран «өзінің аумақтық тұтастығын қорғайтынын» айтты. Пезешкиан сонымен қатар «лаңкестік басқыншылар өздерінің әрекеті үшін өкінетінін» айтты. Иранның рухани көсемі Әли Хаменеи Ханияның қазасы үшін «қатаң жаза қолдану — Тегеранның міндеті» екенін мәлімдеді.