Әлем15 қазан 2023, 22:52

Дохада Иран СІМ министрі мен Хамас жетекшісі Исмаил Хания кездесті

Иран Сыртқы істер министрі Хоссейн Әмір-Абдоллахян (сол жақта) мен Хамас жетекшісі Исмаил Хания Катар астанасы Дохада кездесті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Суретті Иран Сыртқы істер министрлігі жариялады.

"Хамас" лаңкестік ұйымының жетекшісінің Иран Сыртқы істер министрімен кездесуінің мақсаты — "топтың мақсаттарына жету үшін" Хамас пен Иран арасындағы ынтымақтастықты тереңдету, деп хабарлайды Reuters ақпарат агенттігі.

Әмір-Абдоллахян ХАМАС-тың Израильдің бейбіт тұрғындарына жасаған жантүршігерлік айуандығын Израильдің Палестина жерін басып алуына соққы берген «тарихи жеңіс» деп атады.

Иран СІМ Исмаил Хания Доха Кездесу
18 маусым 2026 Қазақстан жаңалықтары
18 маусым 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар