23 қыркүйек 2024
/ Мир
Израиль әскерлері әл-Жазираның Рамалладағы кеңсесіне басып кірді
Израиль әскерлері әл-Жазираның Рамалладағы кеңсесіне басып кірді. Телеарна 22 қыркүйекке қараған түні тікелей эфирде кеңсеге әскерлер кіріп, 45 күн бойы хабар таратуды үзу туралы әскери бұйрықты жеткізген кадрларды көрсетті. Осыдан кейін хабар үзілді, деп таратты Reuters. Ақ үй бұған дейін «әл-Жазираны жабу жоспары туралы ақпарат расталса, бұл «мазасыздық» тудырады, өйткені мұндай әрекет сөз бостандығын тікелей бұзады деген еді.