Әлем2 маусым 2024, 3:22

Тбилисиде Саакашвили партиясының кеңсесіне шабуыл жасалды

Тбилисиде Саакашвили партиясының кеңсесіне шабуыл жасалды. Бетперде киген бірнеше ондаған адам Грузиядағы ең ірі оппозициялық партия – 2001 жылы Михаил Саакашвили негізін қалаған Бірыңғай ұлттық қозғалыстың кеңсесін қиратты. Оның қазіргі жетекшісі Леван Хабеишвили шабуылға биліктегі «Грузин арманы» партиясын айыптады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Оппозицияның айтуынша, полиция оқиға орнына шабуылдан бір сағат өткен соң ғана жеткен, дегенмен ең жақын жер екі шақырымнан аспайды.

Шабуыл жасағандардың ешқайсысы ұсталған жоқ.

Оқиға орнында тергеу амалдары жалғасуда.

Грузияның Ішкі істер министрлігі бұл оқиғаға қатысты әзірге түсініктеме берген жоқ.

саакашвили Тбилиси Кеңсе Шабуыл
Кеше, 12:36 Қазақстан жаңалықтары
Бүгін, 11:31 Қазақстан жаңалықтары
16 маусым 2026 Қазақстан жаңалықтары
16 маусым 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар