Еуропарламент Киевте кеңсесін ашады
Еуропарламент Киевте кеңсесін ашады, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Брюссельде Еуропарламент пен Рада арасында жаңартылған өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылған Жоғарғы Рада спикері Руслан Стефанчукпен кездесуден кейін Еуропарламент президенттерінің конференциясында мәлім болды.
«Бұл серіктестік Киевте Еуропалық Парламенттің тұрақты өкілдігін құру, Жоғарғы Радамен және украин халқымен қарым-қатынасымызды дамыту және қолдау арқылы нығая түседі», - делінген хабарламада.
Президенттер конференциясы Еуропарламент спикерінен және саяси топтардың басшыларынан тұрады.
Наурызда Львовқа сапары кезінде президент Зеленский Еуропарламент спикері Роберта Метсоледен Киевте тұрақты өкілдік құруды өтінген болатын.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: