21 қараша 2024
/ Новости Казахстана
Шардарада білім бөлімінің лауазымды тұлғалары ақша жымқырды деген күдікке ілінді
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет білім беру саласындағы жүйелі жемқорлық фактілерінің жолын кесу бойынша жұмысты жалғастырып жатыр. Жымқыру тәуекелдерін барынша азайту мақсатында барлық өңірлерде бірыңғай бухгалтерлік есеп жүйесі енгізілді. Бұл жоғары жалақы мен «жоқ жандарды» есептей отырып, алаяқтықты уақтылы тоқтатуға, жалған деректердің енгізілуіне тосқауыл қоюға мүмкіндік береді.