Махинация: Қырғызстанда лауазымды тұлғалар ұсталды
Қырғыз Республикасының Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті Жалал-Абад облысы Ноокен ауданы аумағында жер телімдерін жеке меншік құрылысқа беру кезінде орын алған жемқорлық схемасын анықтады, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Кабар агенттігі жазды.
2017-2021 жылдар аралығында Бургонду айыл аймағының лауазымды тұлғалары Қырғызстанның жекелеген азаматтарымен келісіп, жеке құрылыс үшін кезектен тыс және комиссияның қарауынсыз жер учаскелерін беріп келген. Ақысына ақшалай сыйақы алған және жер учаскелері үйі бар, Бургонду айыл аймағында тұрмайтын, сонымен қатар 18 жасқа толмаған азаматтарға берілген.
2023 жылғы 30 қарашада Бургонду айыл аймағының бұрынғы басшысы С.А.А. мен жерге орналастыру бойынша маман О.А.А. ұсталып, Жалал-Абад облысының тергеу изоляторына қамалды.
Басқа да адамдарды анықтау үшін жедел-тергеу жүріп жатыр.